05 Наурыз, 2016

Қазақстанда халық саны 17 миллион 693 мың адамға жетті

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-03-2016 kazakhstanАСТАНА. 5 наурыз. Қазақстанда халық саны 1 ақпан бойынша, 17 миллион 693,5 мың адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Халық ең көп шоғырланған аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы. Одан кейінгі орындар Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының үлесінде. Халық ең аз шоғырланған аймақтарға Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары жатады. Аян Әбдуәли. Дерек: Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің баспасөз қызметі. Сурет: time.kz.