05 Наурыз, 2016

Ғалымдар зика безгегінің құрсақтағы балаға қалай әсер ететінін анықтады

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-03-2016 zicaАСТАНА. 5 наурыз. АҚШ ғалымдары зика безгегінің салдарынан сәбиге берілетін микроцефалияның қалай жүзеге асатынын анықтады. Бұл турлы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ғалымдар зерттеу жұмыстары кезінде вирус бас ми жасушасының қабығын зақымдайтынын анықтады. Осының салдарынан маңызды жасушалар жойылады. «Біздің анықтағанымыз шындыққа сай келеді. Алғаш болып бұл істі біз анықтадық. Вирустың маңызды жасушаларға зиян тигізетіні белгілі болды», – деді Флорида мемлекеттік университетінің маманы Хенгли Танг. Бүгінде зика безгегін жұқтырған жүкті әйелдерден микроцефалия ауруымен дүниеге келген сәбилер көбейіп бара жатыр. Микроцефалияның зиянын анықтағанымен, оның қалай жүзеге асатыны белгісіз болатын. Флорида университетінің, Джон Хопкинс атындағы университеттің және Эмори университетінің ғалымдары арнайы лабораторияда тәжірибе жұмыстарын жүргізді. Зерттеудің нәтижелері ғылыми Cell Stem Cell басылымында жарияланды. Зика безгегі – маймылдардың жұқпалы ауруы болып есептеледі. Адамдар арасына масалар арқылы тарайды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.