22 Қаңтар, 2016

Бөгде елдегі берекесіз тірлік

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекетіміздің шекара маңында заңсыз жұ­мыс істеп жүрген үш Өзбекстан азаматы ұс­талды. Солтүстіктің қа­қаған аязына да төселіп алып, нәпақа тауып жүрген ала шапанды ағайындар Павлодар шекара отря­дының «Железинка» шекара комендатурасынан жасақталған нарядтың «Львовка» және «Қашыр» деген ауылдарға жасаған рейд­терінің барысында қолға түсті. Ұсталғандар Қашыр аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.