22 Қаңтар, 2016

Тапсырмалар орындалуымен құнды

208 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
21-01-01Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Ақ­төбе облы­сының әкімі Бер­дібек Сапар­баев­ты қа­был­дады, деп хабар­ла­ды Пре­зиденттің баспа­сөз қызметі. Б.Сапарбаев Мемлекет басшы­сына өңірдің 2015 жылғы әлеу­мет­тік-экономикалық дамуының қоры­тын­дылары мен таяу кезеңдегі даму перспективалары туралы баяндады. Қазақстан Президенті Ақтөбе об­лысының өндірісі дамыған, өсім қар­­қыны жоғары, экономикасы әрта­рап­тандырылған аймақ екенін атап өтті. Облыс аумағы арқылы автомобиль жолдары, соның ішінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» ха­лықаралық көлік дәлізі, теміржол желілері, газ құбырлары өтеді. Олардың маңайында сервистік орындарды дамытып, жұмыс орындарын ашуға болады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет бас­шысы Парламент Мәжілісінің кезек­тен тыс сайлауын өткізуге бай­ла­нысты халық арасында кеңі­нен түсіндіру жұмыстарын жүр­гізу қажеттігіне назар аударды. Жаһандық дағдарыс әлемнің көптеген елдерін қамтыды. Сон­дықтан бұл орайда әлеуметтік тұрақ­тылықты сақтау, халықты жұ­­мыспен қамту, шағын және орта бизнесті қаржылық жағы­нан қолдау, «Нұрлы Жол» бағ­дар­ламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету маңызды, – деді Қазақстан Президенті. Ақтөбе облысының әкімі Қа­зақстан Президенті тапсырма­сының және өңірде жүзеге асырылып жатқан мем­лекеттік бағ­дарламалардың арқа­сында азамат­тардың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты. Экономикалық дағдарысқа қара­мас­тан, облыс экономи­ка­сының өсімі­не қол жеткізілді. Маңызды бағыттың бірі халық­тың жұмыспен қамтылуын қамта­масыз ету болып саналады. Жұ­мыссыздық деңгейі 4,8% болды. Өңірдегі бірқатар ірі кәсіп­орындармен арада жұмыс­шыларды қысқартуға жол бермеу, еңбекақыны уақтылы төлеу және ұжымдық шарттарды орындау жөнінде дағдарысқа қарсы меморандумдар жасалды. Сонымен қатар, Сіз берген тапсырмалар ая­сында «Қазхром», «Русская мед­ная компания» және «Восход-Oriel» сияқты компаниялар өз жұмысшыларының еңбекақысын 1 қаңтардан бас­тап 10-15 пайызға көтерді. Бұл бағыттағы жұмыстар өзге кәсіпорындарда да жүргізіліп жатыр, – деді Б.Сапарбаев. Ол бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру үшін қосымша резервтер іздеу мақсатымен мемлекет пен жекеменшік серіктестігін дамыту, халықаралық қаржы институттары мен инвесторлардың қаражатын тарту жұмыстары жүр­гізіліп жатқанын айтты. Мә­селен, мемлекет пен жекемен­шік серіктестігі аясында 29 жоба қарастырылып жатыр, солар­дың қатарында жедел медици­налық жәрдем қызметі ғима­раты, қалалық балалар стоматологиялық емханасы, мұз сарайы, жекпе-жек сарайы, футбол манежі, 7 балабақша, 3 емхана, 1 аурухана және 1 мектеп құрылысы бар. Сонымен қатар, облыста іш­кі өсім резервтерін іздеп табуға ар­налған іс-шаралар жоспары әзір­ленді. 2015 жылы бюджет 9,2 миллиард теңгеге оңтайландырылса, биыл қосымша тағы 2,3 миллиард теңгеге оңтайландыру жоспарланып отыр. Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатымен әлеуметтік нысандарды, мемлекеттік меке­мелердің автокөліктерін газ отынына көшіру қарастырылған, бұл жыл сайын шамамен 500 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу үдерісі аясында жергілікті өнім­дер көлемі мен олардың әлеу­меттік жауапкершілік деңгейі арт­тырылады. Мысалы, Ақтөбе кәсіп­орындары 2016 жылы әлеумет­тік жобаларға 6,6 миллион доллар бөледі. Мемлекет басшысы кездесу қо­рытындысы бойынша Б.Сапар­баевқа жұмыспен қамтуға, өңір халқының әл-ауқатын арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді, сондай-ақ, облыс­ты әлеуметтік-экономикалық дамытуға байланысты қойылған барлық мақсаттар мен міндеттерді сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты.