21 Қаңтар, 2016

Францияның әйгілі әйел жазушысы қайтыс болды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
POLITIQUE-DEFFERRE-COMMEMORATION-MUSEEАСТАНА. 21 қаңтар. Францияның әйгілі жазушысы, Гонкур академиясының бұрынғы президенті Эдмонда Шарль-Ру 95 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Эдмонда Шарль-Ру өткен сәрсенбі күні, 20 қаңтарда, Марсель қаласында қайтыс болды», – деп академияның хатшысы Мари Дабади Twitter әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Әдебиетші және журналист болған жазушы ондаған кітаптың авторы атанған. Ал алғашқы жазған Dimenticare Palermo романы әлемнің 27 тіліне аударылып, осы кітабының арқасында 1966 жылы Гонкур сыйлығының жеңімпазы атанды. 1983 жылдан өмірінің соңына дейін Гонкур академиясының мүшесі болды. Ал 2002 жылдан 2014 жылға дейін осы ұйымды басқарып келді. Эдмонда Шарль-Ру әдеби шығармашылығын журналистикамен қатар алып жүрді. Әрбір жылдары Францияның «Эль» (Elle), «Вог» (Vogue) сынды журналдарында қызмет еткен. Ал соңғы басылымда бас редакторлық міндетін атқарды. Жасы келгеніне қарамастан әдебиет саласында қызмет етуін тоқтатпады. Өмірінің соңғы жылдары Ресей жерінен шыққан француз генералы Зиновий Пешковтың өмірі жайлы кітап жазған. Өкінішке орай, шығарма аяқсыз қалды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: tvkultura.ru.