21 Қаңтар, 2016

Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин зейнеткерлікке шықты

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-01-2016-karabalin 02АСТАНА. 21 қаңтар. Зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин қызметінен босатылды. Осы туралы қаулыға Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі 19 қаңтарда қол қойды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгін Энергетика министрлігінде Ұзақбай Сүлейменұлын құрметті демалысқа шығарып салуға орай салтанататты жиын өтті. Оған Министрлік басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиында Ұзақбай Қарабалин барша әріптесіне бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы уақыттағы еңбектеріне табыс тіледі. Сондай-ақ, ол «Министрліктің алдында нақты әрі ауқымды мақсаттар тұр. Ведомство қызметкерлері ол істерді жауапкершілікпен атқаратындарына сенімдімін», – деді. Ұзақбай Қарабалин 1947 жылы 14 қазанда Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде туған. 1970 жылы И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді. Әр жылдарда бірқатар лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған ол 2014 жылдың тамыз айында энергетика вице-министрі болып тағайындалған болатын. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.