20 Қаңтар, 2016

Өсімді өнікті етуге өріс бар

233 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
MUHA5817Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015 жылғы қоры­тын­д­ы­лары және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Өткен жылы біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған 5 институттық реформа – «100 нақ­­ты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруды бастадық. Ол – елімізді жаһандық эконо­миканың қиын кездерінде нақты табыстарға жетелейтін жоспар. Оны жүзеге асыру бары­сында біз экономиканың өсуін сақтап, халықтың әл-ауқатын әрі қарай арттыра беретін боламыз, деп бас­тады өзінің сөзін Ерік Хамзаұлы. Әкімнің айтуына қарағанда, өткен жылы облыстағы эконо­ми­калық өсім 2014 жылмен салыс­тырғанда 102,8 пайыз болыпты. Бюджеттің орындалуы 100 пайыз болған. Барлық деңгейдегі жергілікті бюджеттер 31,9 млрд. теңге кіріс енгізіп, бұл көр­сеткіш 2014 жылға қарағанда 118 пайызға өскен. Әлеуметтік құрылыстарды, тұрғын үйлерді, ин­женерлік-коммуникациялық ин­фра­құрылымдарды жаңғырту мен аяқтау жұмыстарына қа­рас­тырылған бюджет шығыс­тары 3,5 млрд. теңгеге оңтайлан­дырылған. Өткен жылғы табыстың ең үлкені инвестиция тарту саласында болған. 2015 жылы облыс жалпы154,5 млрд. теңге инвести­ция тартып, бұл көрсеткіш бо­йынша республикада бірінші орынға шығыпты. Ал 2014 жылмен салыстырғанда оның өсімі 128,3 пайыз болған. Тартылған барлық инвестицияның 30 пайызы әдеттегідей агроөнеркәсіптік кешенге салынды, деді әкім. Облыс республикалық, аймақ­тық және алыс шетелдермен әріптестік байланыстарды да өрістеткен. Е.Сұлтановтың айтуына қарағанда, өткен жылы облысқа 30-ға жуық түрлі мақ­саттағы делегациялар келген. Осының арқасында шетелдік инвестиция көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 60 пайызға артқан. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз. Ол үшін біз бірнеше маңызды жобаларды іске асыруды белгілеп қойдық. Соның ішінде Петропавл қаласында көліктік-логистикалық орталық ашуды және астық пен майлы дақылдарды өңдейтін екі ірі зауыт салуды қолға аламыз. Осы жобалар іске асатын болса 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады, деді Е.Сұлтанов. Солтүстік Қазақстанда агро­өнер­кәсіптік кешен ең басты өндірістік сала болып табылады. Өңір жыл сайын елімізге жоғары сапалы астықтың үштен бірін беріп отыр. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 311 млрд. теңгеге жеткен. Бұл – 7,5 пайыздық өсім деген сөз. Жалпы, сала бойынша өсім қарқыны республикада үшінші орынға ие болып отыр. Биылғы орақ науқаны біршама сәтті өтіп, 5,5 млн. тонна астық жиналған. Гектар берекелілігі 17,1 центнерден айналған. Мол өнім бізге жақын және алыс шетелдерге 1,5 млн. тонна астық, 150 мың тонна ұн, 200 мың тоннадан астам майлы дақылдарды экспорттауға мүмкіндік береді, деді Ерік Хамзаұлы. Жиналған астықты сақтау ісінде де біршама жетістіктер бар екен. 2015 жылы жаңадан са­лынғаны мен жаңғыртылғаны бар сыйымдылығы 138 мың тонналық 7 астық қабылдау пункттері пай­да­лануға берілген. Облыс тұрғындарының 57 пайы­зы ауылдарда тұрады. Оларды жыл бойы жұмыспен қамтамасыз ететін мал шаруа­шылығы саласы, дей келіп, әкім 2015 жылы ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы шеңберінде 12,8 мың орындық бордақылау алаңы, 11 мың басқа арналған мал тұқымын асылдандыру орындары құрылғанын жеткізді. Ауыл шаруашылығы құрылымдары жыл бойы 20 мыңнан артық ірі қара мал сатып алды. «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағ­дар­ламалары аясында 10 мың­нан астам бас мал әкелінді, деді әкім. Елбасының ауылшаруашылық өнімдерін тереңдете өңдеуге байланысты берген тапсырмасын орындау мақсатында облыста 2016-2020 жылдарға арналған жеке жоспар жасалған екен. Бүгінгі күннің өзінде осы бағ­дарламаның шеңберінде құны 140 млрд. теңге болатын 60-тан астам жобаны іске асыру қолға алыныпты. Оның негізгі бөлігі сүт, ет өнімдерін өңдеу мен макарон бұйымдарын шығаруға бағытталған. Соның ішінде Тайынша ауданындағы майлы дақылдарды өңдейтін зауытты атап өтуге болады. Бұл жоба ресейлік компаниямен бірлесе отырып іске асырыла­ды. Бүгінгі күні Ауыл ша­руа­­шылығы министрлігінің салалық қорытындысын күтіп отырмыз. Сол құжаттар келген бойда жобаны іске асыру бас­талады. Сонымен қатар, әкім Петропавл қаласында салынатын өсімдік майын өндіретін зауытты, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұрғызылатын астықты тереңдете өңдеу кәсіпорнын ауызға алды. Аймақ үшін мүлде жаңа бағыттағы өндіріс деп қант шы­ғаратын зауытты, балық өңдеу және ас тұзын шығаратын кәсіп­орындарды айтуға болады, деді Е.Сұлтанов. Кезінде облыс қана емес рес­пуб­­лика үшін маңызды жоба саналған «Биохим» өн­дірістік кешені туралы да әкім өзі­нің сөзінде айтып берді. Мил­лиард­таған теңгенің көзіне су құйған бұл кәсіпорын бес жыл­дан бері жұмыс істемей тұр, соның кесірінен 500-ге жуық адам жұмыссыз қалған. Енді сол кәсіпорынды облыс басшылығының өтінішімен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ инвес­тициялық комитетке шығарып, кешенді қалпына келтіру мәсе­лесін шешуді қолға алатын кө­рінеді. Біздің болжамымыз бо­йынша кешен үстіміздегі жылдың желтоқсан айында іске қосылады. Оның биоэтанолы мұнай өнім­дерін өңдейтін зауыттарға аса қажет. Әсіресе, қазіргі кезде қол­ға алынған «Еуро-5» және «Еуро-6» сапалы бензиндерін шығаруға оның пайдасы зор. Одан басқа биоэтанол өндірісі 7-8 түрлі бәсекеге қабілетті қосалқы өнімдер шығаратын болады, деді әкім. Өзінің сөзінде Е.Сұлтанов ауыл шаруашылығында үл­кен жетістікке мемлекеттік қолдау­дың арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. 2015 жылы біз Үкі­меттен 17,2 млрд. теңге субсидия ал­дық. Егер оны 2013 жылмен салыстырсақ, өсім 85 пайыз екені көрінеді. Үстіміздегі жылы да осындай қолдау көрерміз деген үміттеміз, деді ол. Әлеуметтік маңызы зор 33 түрлі тамақ атауларының бағасын тұрақты ұстау жөніндегі тапсырманы орындау үшін облыс­та жедел штаб құрылған. Штаб осы тауарлардың бағасын күн сайын өзінің бақылауында ұстап отыр. Рас, кейбір тауарлар бо­йынша аз­даған өсімдер бар. Соның ішін­де өздерінде өндірілмейтін болғандықтан қант бағасының өсімін құрықтай алмаған, бүгінгі күні ол 29 пайызға артқан. Егер өз­дерінде қолға алынған қант зауыты іске қосылатын болса барлық 33 түрлі тамақты да өндіретін бо­­лады. Индустриялық-инновациялық даму бағытындағы алғашқы бесжылдық табысты аяқталған. Осы бесжылдықта 32 жоба іске асырылған, 1400 жаңа жұмыс орындары ашылған. Соның ішінде астық тасымалдайтын вагон құрастыру, диаметрлері үлкен пластикалық құбырлар өндірісі және т.б. өнімдер атап өтуге тұрарлық. Жалпы алғанда, 2015 жылдың қорытындысы бо­йынша облыс өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша республикада алтыншы орын алады. Әкім екінші бесжылдықта өнеркәсіптік жоба­лар саны екі есе артатынын айтты. Бүгінгі күні өңір 42 жоба тір­кеткен, жылдың алғашқы жар­ты­­жылдығында тағы да 20 жоба тіркелмекші, ал инвестиция көлемі үш есе артады екен. Облыс әкімінің ауыз толтырып айтарлық жетістіктері қатарында былтыр ашылған «Казтехмаш» зауыты болды. Ол жем-азық дайындау техни­каларын және еуропалық «Сампо» астық комбайндарын құрастырады. Осы күнге дейін алдыңғының – 59, соңғының 46-сы шығарылып, соның 22-сі биылғы ораққа қатысып, өзін жақсы қырынан көрсетіпті. Бағасы 46 млн. теңге көрінеді. Сондай-ақ, былтырғы жел­тоқсанда Елбасының қатысуымен ашылған 25 түрлі таңғы құрғақ тамақ шығаратын фабрика да облыс мақтаныштарының бірі болып отыр екен. Бұл кә­сіпорынның өнімдері қазірдің өзінде экспортқа шығып жат­қан көрінеді. Бәсекелестікке қабі­леттілігі де жоғары, осындай өнім шығаратын ресейлік фабрикаларға қарағанда мұның тауарлары 10-15 пайызға арзан. Бүкіләлемдік дағдарыс те­рістіктің өнеркәсіпшілеріне де өз салқынын тигізіп отырған көрінеді. Мұнай-газ саласына арналған скважиналық мұнай насостары мен жөндеу машиналарын, бұрғылау құрылғыларын шығаратын зауыттары былтыр осындай бірде-бір өнімдерін сата алмапты. Ал олардың бағасы 200-250 млн. теңге. Осыған қарамай өнеркәсіп саласы бойынша біздің облыс 18,5 пайыз өсімге қол жеткізді, деп әкім қанағатпен атап өтті. Бұл өнеркәсіпті әр­тарап­тандырудың арқасында қол жеткізілген табыс болып шықты. Осы арада әкім өнеркәсіп орындарының шетелдік компания­лармен жаса­ған ірі келісімдері туралы айтып өтті. Соның ішінде «ПЗТМ» зауытының жапониялық компаниямен 509 млн. теңгеге жаса­ған әріптестік келісімі бар. Ал «ЗИКСТО» зауыты «Қазақ­стан темір жолы» ҰК-пен әріп­тестік ке­лісім жасау арқылы өзінің өнді­рісін 4 есеге жуық арттыруға қол жеткізіпті. Бүгінгі күні облыста 110 мың адамды қамтыған 34 мың кәсіпкерлік субъектілері бар екен. Бұл – облыстың еңбекке жарамды адамдарының үштен бірі деген сөз. Жалпы өңірлік өнім­де олардың өнімдерінің үлесі 25 пайызды құрайды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағ­дарламасын іске асыру бойынша 42 млрд. теңгенің 773 жобасы мақұлданған. Жол-көлік инфрақұрылы­мы туралы айтқанда, әкім «Пе­тро­павл – Астана» күрежолының биыл аяқталатынын айтып, жиі жүретін халықты бір серпілтіп тастады. Жергілікті жолдар мә­селесі әлі де күн тәртібінен түспей тұрған көрінеді. Олар­дың қанағаттанғысыз деп есеп­телетіндерін биыл 45 пайызға түсіреміз, деді әкім. «Нұрлы Жол» бағдарламасы жобаларын жүзеге асыру аясында 3,6 млрд. теңгенің 13 инвестициялық жобасы іске асырылған. Әкімнің баяндамасындағы журналистерді қызықтырған мәселенің бірі – оңтүстіктегі жұ­­мыс күші артық өңірлерден облысқа тұрғындар тарту ісінің қалай шешілетіндігі болды. Бұл мәселеге байланысты 110 үйдің дайындалғаны айтылды. Қазір солардың 18-іне оңтүстіктегі ағайындар көшіп келіпті. Оларға 21 жұмыс орны ұсынылған. Биыл әкім сырттан келушілерге арналған аймақтық квотаны 300-ден 400-ге арттыруды сұраған екен. Солтүстік Қазақстан облы­сы әкімінің баяндамасына қа­ра­ғанда, облыста ілгерілеу бар екені көрініп тұр, тек осы үрдіс үсті­міздегі жылда да жалғасын тапсын деңіз. Баяндамадан кейін әкім журналистердің көптеген сұрақ­тарына жауап берді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».  
Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше