19 Қаңтар, 2016

Солтүстік Қазақстанға 400 отбасы қоныс аударады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-01-2016-etropavlПЕТРОПАВЛ. 19 қаңтар. Биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан Қызылжар өңіріне 400-ге жуық отбасы қоныс аударады деп күтілуде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгінгі күні көшіп келуге ниет білдірген отбасылардың жартысына жуығы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыспен, баспанамен қамтылмақ. Ал қалғандары үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан тиісті құжаттар рәсімделіп, жұмыстар қарастырылуда. Былтыр орныққан отандастарымыздың дені құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы мен медицина салаларында еңбек етеді. Еске салсақ, өткен жылдың маусым айында оңтүстікте Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы болып, жұмысқа қабілетті азаматтарды тұрақты еңбек етуге шақырып, нақты әлеуметтік көмектер көрсетілетіне, оның ішінде, жұмыс берушілердің есебінен 53 тұрғын үй, 3 пәтер, жатақхана берілетініне сендірген еді. Іле-шала оңтүстік өңірдің делгациясы осында келіп, 13 ауданның еңбек нарығының жағдайымен танысып қайтқан болатын. Қазір оңтүстік жақтан келген жарты мыңға жуық жастар түрлі оқу орындарында дәріс алады. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz. Сурет: photogoroda.com.