19 Қаңтар, 2016

Қысқы маусымдағы қызықтар

340 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ERA_6648+Бұрнағы күні Дүниежүзілік қар күніне орай жүздеген қала тұрғыны елордалық паркте шаңғы-роллерлік трассаға жиналды. Бұқаралық шаңғы жарысынан «World snow day» қар фестивалі Астанада төртінші мәрте өткізіліп отырғанын, сондай-ақ, осы уақыт ішінде шара қысқы маусымдағы қызықты фестивальдердің біріне айналып үлгергенін де айта кеткен абзал. Шаңғы жарысынан өткен шараға қа­тысуға ересектер де, балалар да келді. Оқу­­шылар 18 жасқа дейінгілер тобында бақ сы­­насса, ал, жас спортшылар қашықтықты барынша тез бағындыруға тырысып, қатар­ластарынан қалмау үшін қарқындарын кү­шейте түсті. Тіпті, фестивальге 4-6 жас­­тағы бүлдіршіндер де атсалысқанын есте­рі­ңізге сала кетсек дейміз. – Жыл сайын өткізілетін бұл мерекелік шаңғы жарысы жақсы дәстүрге айналды. Ере­сектерді былай қойғанда, әсіре­се, жас балалар асыға күтетіні аңға­ры­­лады. Биылғы жарыстың ауқымы кеңейіп, Қостанай, Қарағанды қала­ла­ры­ның шаңғышылары қатысуға ниет біл­дірді. Қыс біткенше апта сайын осы маңда шаңғы жарысы өтіп тұра­ды. Са­ламатты өмір салтын берік ұста­натын елор­­далықтарды қалалық Дене шы­нық­тыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевтың өзі шаңғы тебуге бастап шығып жүр. Игі үрдістің қанат жаюы достығы бекем жұрттың ауыз­­біршілігін арттыра түсетіні анық, – дей­ді Спорттық-бұқаралық шаралар өт­кізу ди­рекциясының басшысы Азамат Хамзин. Астана қаласының әкімдігі, «Са­­­мұ­рық-Қазына» әл-ауқат қоры, қалалық Де­­­не шы­нықтыру және Спорт басқармасы, «FIS» ха­­л­ықаралық шаңғы спорты федера­ция­сы, №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен Спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы мұрындық болған жарысқа 500-дей адам қатысып, 36 жас шаңғышы қатарластарынан озық болып, жеңіс тұғырына көтерілді. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.