19 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Уагадугу қаласында (Буркина-Фасо Республикасы) орын алған лаңкестік әрекетке қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 16 қаңтарда Буркина-Фасо астанасы Уагадугу қаласында орын алған және салдарынан ондаған жазықсыз азаматтың өмірін қиған лаңкестік әрекетті қатаң және үзілді-кесілді айыптайды. Буркина-Фасо билігін толығымен қолдай отырып, Қазақстан мемлекет пен өңірдің лаңкестікке қарсы күрес әрекеттеріне ниеттестігін білдіреді. Лаңкестік салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз және зардап шеккен азаматтарға тез арада сауығып кетулерін тілейміз. Әлем бойынша лаңкестердің қылмыстық әрекеттерінің белсенді бола түсуі аясында, аталған құбылыспен табанды күресте халықаралық қоғамдастық күштерінің бірігуіне және БҰҰ қарамағында жаһандық лаңкестікке қарсы желі құруға шақырамыз.