19 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасының ұйғырлары республикалық мәдени орталығының МӘЛІМДЕМЕСІ

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының ұйғырлары республикалық мәдени орталығының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс

сайлауларын өткізу бастамасын қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан Республикасының ұйғырлары республикалық мәдени орталығы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауларын өткізу туралы бастамаға өзінің қолдау білдіретінін мәлімдейді. Елбасының жолы елімізге дамудың адам айтқысыз шыңдарын бағындыруға мүмкіндік берді. Бейбітшілік, тұрақтылық және келісім тәуелсіз Қазақстан табыстарының әлем таныған нышандарына айналды. Және бүгінде, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында, Қазақстан халқы Мәңгілік Ел идеясымен рухтанып отыр, сондай-ақ, елдің барлық ресурстарын өсімнің жаңа көкжиектерін бағындыру үшін жұмылдыруға шақырады. Біз өзіміздің ортақ жолымызды таңдап алдық және Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға ел дамуының жаңа, жауапты кезеңінде жоғары сенім білдіретінімізді қуаттауға дайынбыз. Еліміздің жаңа депутаттық корпусы барлық саяси партиялардың өзара іс-қимылының тиімді тетігі болуы, біздің ілгерілеуіміздің іргетасы ретінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуды қамтамасыз етуі тиіс.