19 Қаңтар, 2016

Қазақстан армяндары қауымдастығының МӘЛІМДЕМЕСІ

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан армяндарының қауымдастығы Қазақстан дамуының қазіргі кезеңдегі маңызын түсіне отырып, Парламент депутаттарының Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауларын өткізу жөніндегі бастамасын салмақты да уақтылы қадам деп бағалайды. Қазақстанның басты құндылықтары – бейбіт­шілік пен келісім бізге бүкіл әлемде танылған тиімді қоғам құруға мүмкіндік береді. Және қазір, Ұлт Жоспарында қарастырылған маңызды жаңғыртулар табалдырығында тұрған кезімізде, барлық партияларға сайлауға қатысу мүмкіндігінің берілуі, біздің көзқарасымызша әділ де салиқалы шешім болып табылады. Ол барлық партияларға халық сенімінің барлық сайлау үдерістерінен өтіп, еліміз үшін маңызы зор кезең сұраныстарына жауап беретін Мәжіліс пен мәслихаттар қалыптастыруға жағдай туғызбақ. Біз жаңадан сайланған депутаттық корпус Президент реформаларын жүзеге асырудың тиімді тетігі болып қана қоймай, оларды орындаудың бас­ты шарты – елімізде бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруын қамтамасыз ететініне сенімдіміз.