19 Қаңтар, 2016

Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сенат-үлкені21 қаңтарда болатын Сенат отырысында бір заң жобасын қарау жоспарланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және бюро мү­ше­лері қабылдаған қаулыға сәйкес, депутаттар назарына «Қазақ­стан Республикасы мен Халық­аралық Қайта құру және Даму бан­кі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ын­таландыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» заң жобасы шығарылады. Сондай-ақ, сенаторларды ха­лықаралық парламенттік ұйым­дарға және Сенаттың шет мем­лекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтарына жіберу туралы мәселені талқылау жоспарланып отыр. Бюрода жұмысқа қабылдана­тын үш заң жобасы бойынша бас комитеттер белгіленді. Қаржы және бюджет комитетіне «Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы белгіленді. «Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне берілді. Әлеуметтік-мәдени даму жә­не ғылым комитеті «Қазақстан Рес­публикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі (энергия тиімділігін арттыру жә­не жастар корпусын дамыту бағ­дар­ламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Жастар корпусын дамыту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бұл заң жобалары бойынша тиісті қорытындылар әзірлеу мерзімі 2016 жылғы 29 ақпанға дейін деп белгіленді.