19 Қаңтар, 2016

Оқу орнындағы оңды істер

214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Дариға НазарбаеваӨткен жұма күні Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Almaty Management University оқу орнында болды. Сапардың негізгі мақсаты «2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мем­ле­кеттік бағдарламасының» жобасы бойынша ұсыныстарды тал­қылауға арналды. Аталған жоғары оқу ор­ны­­ның президенті Асылбек Қожах­метов вице-премьерге Қазақ­стандағы алғашқы бизнес жо­ғары оқу орны туралы әңгімелеп, мемлекеттік бағдарламаның жобасына байланысты ұсыныстар білдірді. Дариға Назарбаеваға жоғары оқу орнының виртуалды музейі айрықша әсер қалдырды. Мұнда дәстүрлі музейлерге қарағанда экспонаттар жоқ, оның есесіне инновациялық аспекті бар. Вице-премьер үштұғырлы тіл нормаға айналған универ­ситеттің тілдік стратегиясына қызығушылық білдірді. Алғашқы екі жылда мұнда ағылшын ті­лін интенсивті түрде енгізу тәжі­рибеленеді. Ал студенттер мен қызметкерлер арасында қа­зақ тілін оқып-үйренуге ынталандыру ЖОО-да 2010 жылы құрылған «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагерінің инно­вациялық әдістемелерінің көме­гімен жүзеге асырылады. Жаңа пішімді менеджер­лер дайын­дау кездесуде тал­қыланған ма­ңызды тақырыптардың бірі болды. Осылайша, Д.Назарбаеваның айтуынша, ресторандық және қонақ үй бизнесі саласында елде кәсіби менеджментке деген өткір зәрулік байқалады. Осы салаға ақша салғандардың бәрі ақыр соңында шетелдік менеджерлерді шақыруға мәжбүр болады, деп атап өтті вице-премьер. Д.Назарбаеваның пайымдауынша, тағы бір өткір проблема, ол қазақстандықтардың өз өнімдерін ілгерілете білмеуі болып табылады. Индустриялық-инновациялық дамудың ал­ғаш­қы бесжылдығы өтті. Біз кә­сіп­­орындар, зауыттар салдық, жұмыс орындарын құрдық. Бірақ, ең басты проблема неде? Біз өз өндіргендерімізді сата білмейміз. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы өте жақсы жолға қойылған, бі­рақ етті, жүн мен теріні сатуда үнемі проблемалар туындап жатады. Нәтижесінде, қытайлар мен түріктер келіп бәрін аздаған тиын-тебенге сатып алып кетеді. Біз арнайы мамандар дайындап жатсақ та, әлі күнге сауда жасап үйренген жоқпыз. Мұндай жағдай бүкіл Қазақстан бойынша орын алып отыр, деді Д.Назарбаева. Кездесуде Алматы қаласын дамыту жоспары да талқылан­ды. Өкінішке қарай, қала эконо­микасындағы ЖОО-лардың рөлі, сол сияқты, өзге де экономикалық және әлеуметтік мәселелер атал­ған құжатта еш көрініс таппаған. Кездесу қорытындысында Д.Назарбаеваға университеттің символы – хрусталь алма табыс етілді. «Егемен-ақпарат».