18 Қаңтар, 2016

АҚШ билігі Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-01-2016-obama 01АСТАНА. 18 қаңтар. АҚШ кейбір Иран компаниялары мен жеке тұлғаларға қарсы жаңа санкцияларды енгізді. Бұл Иранның баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуіне жауап ретінде жасалған әрекет болды. Бұл туралы ntv.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған зымырандар 2015 жылдың қараша айында сынақтан өткізілді. Осылайша, Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің екі бірдей қарарын бұзған. Жаңа санкция Иран зымыран бағдарламасына қатысы бар 11 компания мен азаматтарға америкалық банк жүйесін пайдалануға тыйым салады. Сондай-ақ, Барак Обама АҚШ-тың «Иранда адам құқығының бұзылуына байланысты, Иран тарапынан терроризмді қолдау жөніндегі және Иран зымыран бағдарламасына қатысты» санкцияларды қолдауды жалғастыратынын айтты. Айта кетейік, кеше ресми түрде Батыстың Иранға қатысты санкциялары алынып тасталды. Еламан Қоңыр. Дерек: ntv.ru. Сурет: gblor.ru.