18 Қаңтар, 2016

Бас прокурор Канада елшісімен кездесті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-01-2016-prokuror 01АСТАНА. 18 қаңтар. Бас прокурор Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасындағы Канаданың Төтенше және уәкілетті елшісі Шон Стайлмен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері бойынша, ең алдымен, ұйымдасқан трансұлттық қылмыспен күрес және шарттық-құқықтық базаны кеңейту аясындағы пікірлерімен бөлісті. Асхат Дауылбаев Канада елшісін Бас прокуратура қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпараттандыра отырып, халықаралық байланыстың екіжақты және көпжақты нысандағы кеңеюі еліміздің прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қабылданып отырған шаралар, ұлттық заңнамадағы өзгерістер туралы айтты. Тараптар трансұлттық қылмыспен күрес Қазақстан және Канада уәкілетті органдары қызметінің басым бағыттарының бірі екенін және өткізілген кездесудің мемлекеттер арасындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты жоғары деңгейге жеткізудегі тағы да бір маңызды қадам болғанын атап өтті. Кездесу соңында елші жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, Бас прокурорға мағыналы сұхбат үшін алғысын айтты. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.