18 Қаңтар, 2016

Аман Төлеев: «Ресейге Қазақстаннан көп нәрсені үйрену керек»

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18.01.2016 AST-17 АСТАНА. 18 қаңтар. Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев 2015 жылдың қорытындысы бойынша Ресей өңірлері басшыларының арасында үздік жетекші болып танылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қандасымыздың Ресейдегі беделін оның губернатор сайлауында халықтың 96,7 пайыз дауысын жинағанынан да көруге болады. Аман Төлеев Кемерово облысын 1997 жылдан жылдан бері басқарып келеді. Ол Ресейде прагматик басшы ретінде танымал. Өткен жылы Ресей президенті Владимир Путиннің Федералды Жиналысына жолдауы басталар алдында Кемерово облысының губернаторы елдегі саяси-экономикалық жағдайға баға бере келіп, Ресейге Қазақстаннан реформаларды жүргізуде, экономикалық бағдарламаларды іске асыруда көп нәрсені үйрену керектігін айтқан еді. «Ресейге көрші елден көп нәрсені үйрену керек. Қазір кейбір салада Қазақстанан Ресейден көш ілгері келеді. Біз мұны ашық мойындауымыз керек. Қазақстанда саяси-экономикалық бағдарламалар халыққа пайдасын әкеледі. Ресей Қазақстанның тәжірибелеріне сүйену керек», деді ол «Россия 24» телеарнасының тілшісіне. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz