14 Қаңтар, 2016

Депутаттар не дейді?

310 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Парламент (2) ҮлкеніҚазіргі Мәжіліс өзінің тарихи миссиясын атқарып, Ұлт Жоспарының заңнамалық негізін жасап, 80-нен астам заң қабылдады. 5 институттық реформаның әрқайсына «жол карталары» жасалып, билік дағдарысқа қарсы шаралар ойластырды. 2016 жылдан ел дамуында тарихи жаңа кезең басталды. Яғни кең ауқымда жаңғырту, Президент белгілеген реформаларды нақты жүзеге асыру және дағдарысқа қарсы тұратын шараларды атқаратын тұста партиялардың өз сайлаушыларынан жаңа сенім мандаттарын иеленуі аса маңызды. * * * Реформаларды жүзеге асыруда, мемлекетті басқаруда биліктің барлық деңгейінде үндестіктің болуы – қажеттілік. Сол себептен, депутаттар Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауларын бірге өткізуді ұсынып отыр. «Бұл дағдарыс кезінде сайлауды ұзын арқан, кең тұсауға салып созбаламай, бюджетке қайта-қайта салмақ түсіруден сақтайды». * * * Қазіргідей тарихи жауапты кезеңде Мәжіліс сайлауы партиялар үшін тағы бір саяси мүмкіндіктерін танытуға жол ашады, себебі олар осындай сын сағатта мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың бір бөлігін мойындарына алуға әзір екендіктерін, жаңа Парламент қабырғасында мемлекеттің жаңа даму үдерісіне өз үлестерін қосатындықтарын әлденеше рет айтқан болатын. * * * Реформаларды тиімді жүргізуге және дағдарысқа қарсы саясатта биліктің барлық деңгейінің, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам жұмысының жолға қойылуы маңызды. Жаңа сайлау мемлекет пен қоғамға Ұлт Жоспарынан туындаған мақсаттарға және ел экономикасының дағдарысқа қарсы тұруы жолында жұмылуға мүмкіндік тудырады. Бұл – барша қазақстандықтарды толғандыратын мәселе! Міне, осы тұста мерзімінен бұрын сайлау өткізу күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешуде ортақ пәтуа бекітіп, қоғамдық келісімнің өрістей беруіне кең даңғыл болады.