13 Қаңтар, 2016

Таиландта хакерлер қолынан 300-ге жуық сайтқа зиян келген

320 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
13-01-2016-XakerАСТАНА. 13 қаңтар. Таиландта хакерлер тобы жергілікті соттың 300-ге жуық веб-сайтына, сондай-ақ, биліктің көптеген интернет-ресурстарына зиянын тигізген. Қылмысты сәл ертеректе Таиланд полиция басқармасының желісін істен шығарған Anonymous хакерлер ұйымы өз мойнына алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған ұйым жасаған қылмыстарын әлеуметтік желілерге таратқан. Олар осыған дейін 294 сайттың қызметін істен шығарған. Басым бөлігі Таиландтың сот істеріне қатысы бар. Қазіргі кезде аталған интернет-ресурстар пайдаланушылар үшін іске аспауда. Олар өздерін «әділетсіздікке қарсы жасалған» қадам деп ақтайды. Яғни, ісінің басым бөлігін Британияның екі адамын өлтірді деген айып тағылып, артынша, сот отырысы кезінде өлім жазасы кесілген Мьянма елінің екі азаматына шығарылған шешімдерінің дұрыс еместігімен байланыстырады. Айта кетейік, бұл оқиға 2014 жылы қыркүйек айында болды. Англияның Дэвид Миллер және Хана Визеридж есімді азаматтары қатты соққыға жығылған күйінде жансыз денелерін Тао аралының жағажайында тапқан. Олардың өліміне Мьянма елінің екі азаматы Зава Лиина мен Вина Зав Туна кінәлі деп тұтқынға алынды. Алғашында, олар кінәларын мойындағанымен, артынша, бізді күштеп мойындатты деп жалтарып шықты. Алайда, өткен жылы желтоқсан айының соңына таман Сураттхани провинциясының соты айыптары дәлелденді деп өлім жазасына кесті. Бұл шешім көршілес жатқан Мьянма Республикасында түсінбеушілік тудырып, жаппай наразылық шерулері өтті. Соттың бұл шешіміне хакерлер де өз жауаптарын берді. Өткен аптада Ananymous ел полициясының 14 сайтын бұзғанын мойындады. Өздерінің наразылықтарын «Заң құлдырады. Біз әділеттікті қалаймыз. Таиландқа байкот жариялаймыз» деген ұран сөздерімен білдірді. Ал логотиптері ретінде көздері байланған Гая Фокстың (Anonymous-тың символы) бейнесін қолданды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: ru.tsn.ua.