11 Қаңтар, 2016

Бельгияда «Байқоңыр» велокомандасының таныстырылымы өтті

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-kyzylorda 03ҚЫЗЫЛОРДА. 11 қаңтар. Бельгияның Льеж қаласында UCI «Байқоңыр» велокомандасының таныстырылымы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Айта кетейік, бұл ұжымның негізін қалаушы қазақстандық велоспортшы Андрей Кашечкин. Таныстыру рәсіміне басқа да белгілі қазақстандық велоспортшылар қатысты. Команданың спорттық директоры Жак Туниссен жаңа маусымда «Байқоңыр» командасының да өнер көрсететін мәлімдеді. Андрей Кашечкин бұл жобаны бірнеше жыл ішінде жүзеге асырып отыр. «Велокоманда тек қана спорт саласындағы жоба емес, ол сондай-ақ, Қызылорда облысында және Байқоңыр қаласында туризм саласын дамыту жоспарының бір бөлігі болып табылады. Біздің мақсатымыз жерлестеріміз Қазақстанды халықаралық аренада танытып, Байқоңырдың танымалдылығын арттыру», – дейді Андрей Кашечкин. Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының әкімі қазан айында Андрей Кашечкинмен кездесіп, жобаны жүзеге асыру және «Байқоңыр» брендін насихаттау мәселелерін талқылаған болатын. Екінші желтоқсан күні облыс әкімдігінде жаңа команда таныстырылып, машина құру зауытын салу және Қызылорда облысында туризм саласын дамыту жөніндегі меморандумдарға қол қойылды. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz.