11 Қаңтар, 2016

Каталонияның жаңа басшысы сайланды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-KataloniaАСТАНА. 11 қаңтар. Испанияның құрамдас бөлігі Каталонияның жаңа басшысы өткен жексенбі күні сайланды. Дауыс беру барысында, жергілікті 135-ші парламентте 70 депуттатың қолдауына ие болған Карлес Пьюджмонт жеңіске жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жексенбі күні, сайлау барысында депутаттар алдында сөз сөйлеген Пьюджмонт: «Каталония елінің тәуелсіздігіне қол жеткізу жұмыстарын бастауымыз қажет», – деді. Сенбі күні аймақтың бұрынғы басшысы Артур Мас сайлауға өз кандидаттығын ұсынудан бас тартты. Ал Карлес Пьюджмонтты басшылыққа ұсыну жөніндегі іс «Халықтың бірлігі үшін кандидаттар» бірлестігі Артур Масты қолдаудан бас тартқаннан соң болды. Сондай-ақ, Каталония парламенті үміткерлер арасынан өзара келісімге келіп бір адамды тағайындамаса, осы жылдың наурыз айында кезектен тыс сайлау болар еді. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: kp.ru