11 Қаңтар, 2016

Мексикада әуесқой футбол клубының автобусы апатқа ұшырады

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-FutboolАСТАНА. 11 қаңтар. Мексиканың шығысында орналасқан Веракрус штатында әуесқой футбол командасының автобусы апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, 18 адам оқиға орнында қаза тапса, қалған екеуі ауруханада қайтыс болған. Одан бөлек 10 адам түрлі жарақат алған. Тағы бір ақпарларда бұл көрсеткіш 30 адамға дейін баруы мүмкін екені айтылады. Алдын-ала тергеу жұмыстары кезінде автобустың шамадан тыс жылдамдығын арттырғанына байланысты жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан «жасанды жол кедергісіне» ұрынғаны анықталды. Арнайы қойылған тосқауылға соғылып, көпір үстінде келе жатқан көлік артынша Атояк өзеніне түсіп кетті. Айта кетейік, автобус футболшылар мен жанкүйерлерді әуесқой футбол матчына алып бара жатқан. Жолаушылар арасында бүлдіршіндер де бар. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: в-деталях.рф.