11 Қаңтар, 2016

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжан командасымен кездеседі

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11.01.2016 AST-24 АСТАНА. 11 қаңтар. Қазақстан футбол федерациясы мен Әзербайжан футбол қауымдастығы екі елдің ұлттық құрамалары арасында жолдастық матч өткізу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабаралды. Матч 26 наурыз күні Түркияның Анталия қаласында өтеді. Қазақстан мен Әзербайжан құрама командалары Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде төрт рет кездесіп, үш рет жолдастық матч өткізді. Екі кездесуде Қазақстан құрамасы жеңсе, екі ойында Әзербайжан командасы ұтты. Ал, үш матч тең есеппен аяқталды. Екі құрама арасындағы соңғы матч 2011 жылы өтті. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.