08 Қаңтар, 2016

Гамбияда мемлекеттік қызметте орамал тағу міндеттелді

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-01-2016-GambiaАСТАНА. 8 қаңтар. Гамбия Республикасы мемлекеттік орындарда қызмет ететін қыз-келіншектерге орамал тағуды міндеттеді. Бұл туралы «Ресей BBC қызметіне» сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жаңа заңға сәйкес, нәзік жандылардың жұмыс орнында орамалсыз жүруіне тыйым салынды. Гамбия президенті Яйя Джамма мұндай шешімнің діни бірізділік пен батысафрикалық ұлт құндылықтарына сай түрде шығарылғанын мәлімдеді. Халықтың негізгі бөлігі ислам дінін ұстанатыны басты себеп болды. Сондай-ақ, өзге дін өкілдеріне ешқандай шектеу қойылмайтынын, әр адамның жеке құқығы қорғалатынын да атап өтті. Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсан айында Гамбия Республикасының президенті халқының 90 пайызы мұсылман болғандықтан елін ислам мемлекеті деп жариялаған. Аян Әбдуәли. Дерек: Ресей BBC қызметі. Сурет: izvestia.ru.