07 Қаңтар, 2016

Қатар Ирандағы елшілігін кері қайтарды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-01-2016-Katar АСТАНА. 7 қаңтар. Қатар мемлекеті Ирандағы Сауд Арабиясының елшілігі мен консулдығына жасалған шабуылдан кейін өз елшілігін кері қайтарып алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өткен сенбі күні Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігі 47 адамның өлім жазасына кесілгендігі жөнінде мәлімет берген. Оның ішінде шеилік бағытын ұстанған дін уағыздаушысы Нимр ән-Нимр де бар болатын. Осыған байланысты Иранда адамдар жаппай  наразылық білдіріп, Сауд Арабиясының Тегерандағы елшілігі пен Мешхедтегі консулдығына шабуыл жасады. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінің басшысы Әділ әл-Жубейр болған оқиғаға байланысты Иран мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастың үзілгені туралы мәлімдеді. Артынша Бахрейн, Судан мен Джибути елдері де осыны қайталады. Ал Біріккен Араб Әмірлігі байланысты ең төменгі деңгейге дейін азайтты. Қатар сияқты Кувейт те Тегерандағы өз елшілігін кері шақырып алды. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Сурет: wikimapia.org.