02 Қаңтар, 2016

АҚШ-та әлемдегі ең ірі McDonald's мейрамханасы жабылды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-02-2015-macdonald 01АСТАНА. 2 қаңтар. АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан Орландо қаласына таяу маңда әлемдегі ең ірі McDonald's жылдам тамақ дайындау орны жабылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған мейрамхана танымал «Диснейленд» ойын-сауық орталығының қасында 1976 жылы ашылған. Үлкендігі бойынша жұртшылықтың арасында жақсы пікір қалыптастырған болатын. Картофельді фридің алып қорабы бейнесінде салынған мекеме ішінде тұтынушылар үшін жағдайдың бәрі жасалған. Фэст-фуд өнімдерінен бөлек боулинг орындары, мұз айдыны мен ойын автоматтары да бар. McDonald's қызметкерлері бұл мекеменің алдағы уақытта қазіргісінен әлдеқайда кең көлемді етіп салынатынын мәлімдеп, жергілікті халықты қуандырды. Оның жалпы ауданы 1750 шаршы метрді құрайтыны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, жаңа орын осы жылдың ақпан айында ашылады. Айта кетейік, McDonald's компаниясын алғаш рет 1940 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында Сан-Бернардино қаласында ағайынды Дик және Мак Макдональдтар ашқан. 1948 жылы әлемде ең бірінші болып «жылдам тамақтану» концепциясының принциптерін ұсынған. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.