01 Қаңтар, 2016

Дағыстанның халық ақыны Фазу Алиева қайтыс болды

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-01-12-alieva-1

АСТАНА. 1 қаңтар. Дағыстанның халық ақыны Фазу Алиева жаңа жылдың бірінші күні 83 жасында қайтыс болды. Бұл туралы республика басшысы әкімшілігі мен үкіметтің өкілі мәліметіне сілтеме жасаған ТАСС ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. «Фазу Гамзатовна Алиева 1 қаңтарға қараған түні қайтыс болды. Өткен жылғы 5 желтоқсан күні ол 83-ке толды», - деді мәлімет беруші агенттікке. Республика басшысы Рамазан Абдулатипов ақынның қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Дағыстан халқына көңіл айтты. «Көптеген адамдар оның творчествосы арқылы біздің мәдениетімізбен танысты... Фазу Алиева – әлемнің 68 тіліне аударылған 80 кітаптың авторы. Ол бітімгершілік, патриоттық және ұлттық тәрбие, ана проблемасы мәселелерімен айналасып, қоғамдық өмірге белсене араласты... Дағыстан бүгін оны аза тұтады», - деп жазды Абдулатипов өзінің Instagram-дағы парақшасында. Фазу Алиева Дағыстанның Хунзах ауданындағы Гиничутль ауылында туған. Ол өлеңдерін өзінің ана тілі – авар тілімен қатар, орыс тілінде де жазды. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: ТАСС.