01 Қаңтар, 2016

Табыстарыңызға тәнтіміз

329 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
IMG_0418Қазақстан өз тәуел­сіз­дігін алғаннан бері саяси және қоғамдық тұрақтылықтың арқасында дер­бес саясат жүргізіп келеді. Санаулы жылдар ішінде Қазақстан халықаралық қатынастарда зор жетістіктерге жетті. Қазақ елін, Қазақстан мемлекетін әлемдік қоғамдастық таныды. Бұл Қазақстан бас­шысының сындарлы саясаты мен кемел ойларының дұрыстығын көрсетіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев ел бас­шылығына аса ауыр жылдары келді. Сол қиындықтарға қарамастан, жаңашыл басшы ретінде ол экономиканы реформалауды батыл қолға алды. Сәтті жүргізілген реформалар уақыт өте жемісін бере бастады. Елдің экономикалық жағдайы жақсарып, халықтың тіршілік-тұрмысы көтерілді. Дамыған ірі мемлекеттер Қазақстанмен әр салада ынтымақтастық орнатуға ұмтылды. Бұл Қазақ елінің экономикасына инвестиция салу көлемін еселеп арттырды. Шетелдік журналист ретінде біз осының барлығын көріп-біліп отырдық. Н.Ә.Назарбаевтың басшы­лығымен Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам конференция­сы ұйымы және Шанхай ынты­мақтастық ұйымы сияқты беделді әрі ықпалды халықаралық ұйым­дарға төрағалық етіп, өзекті де өткір мәселелер талқыланған саммиттерді, ірі халықаралық жиындарды табысты өткізді. Бұлар Қазақстанның әлемдегі беделін арттырып, мәртебесін өсірді. Қазақстан білім мен ғылым сала­ларын дамыту жолында да ірі жетістіктерге қол жеткізді. Пре­зиденттің бастамасымен «Бола­­шақ» бағдарламасы жүзеге асырылды, көптеген дарынды жас­тар шет­елдердің беделді универ­си­­тет­терінде білім алды, алып та жүр. Ел басшысының көреген сая­саты мен халықты топтастыра бі­л­уінің нәтижесінде Қазақстанда түрлі этнос өкілдері тең жағ­дайда өмір сүріп келеді. Бұл – Қазақстанның толеранттылық үлгісін көрсетеді және тәуелсіз ел, азат халық екендігін білдіреді. Қазақ елінің жасаған игі қадам­дарының бірі – Қазақстанның ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартуы және ядролық қаруды таратпай, оған бақылау орнату саласында белсенді саясат жүргізуі дер едім. Осы­ның барлығы Пре­зиденттің өз елінің жарқын бола­шағы үшін жасаған батыл және нақ­ты қадамдары болып табылады. Ерекше атап өтетін келесі бір жайт – Қазақстан Орталық Азия­­­да өз жетістіктерімен ерек­шеленіп отырған мемлекет екен­дігі. Жалпы, Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік бас­қарудың өзіндік моделін жүзеге асыру арқылы өз елін тұрақты және ашық, адами құндылықтарды ұстанатын, әлем елдерімен достық және өзара ын­ты­мақтастық орнатқан, әлемдік сая­си және экономикалық картада ерекше орын алатын іргелі ел ете білді. Өзара түсіністігі мен келісімі жарасым тапқан мемлекеттің бола­шағы кемел болатынын жұрт­­шылық жақсы біледі. Қазақ халқын, Қазақстанды біршама білетін жан ретінде мен барша қазақстандықтарды экономикалық дағдарысқа мойымай, Жаңа жылда жаңа жетістіктерге жетулеріне тілек қосамын. доктор Шериф әл-БАСЕЛ, «Әл-Фаджр» газетінің бас редакторы. Біріккен Араб Әмірліктері.