01 Қаңтар, 2016

Жылымыз жемісті, күніміз шуақты болғай

410 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Амангос ТулеуовЕліміз егемендік алғаннан бері мемлекетіміз әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан ТМД елдері ішінде көшбасшы болып келеді. Осы кезеңде қыруар шаруа жасалғанын да көзіміз көріп отыр. Мұны, әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші кезекте отандық экономиканы әртараптандыру, халықтың әл-ауқатын көтеру саясатымен байланыстыру орынды. Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға ши­­­­­рек ғасырға жуық уақыт болғанына қарамастан, біздің Қазақстанды экономикалық, инвестициялық ахуалы тұрақты ел ретінде төрткіл дүние таныды. Алдымызға таяу жылдарда әлемде дамыған отыз елдің қатарына енуге мақсат қойып отырмыз. Жыл сайын ұлттық эко­номиканың әр саласы қарқынды дамуда. Елімізде бәсекеге қабілетті сапалы өнімдер молынан өндірілуде. Елбасы Н.Назарбаев: «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі қалыптасып отырған қиындықтан шығудың жолдарын анықтап берді, дағдарысты еңсерудің мүмкіндіктерін атап көрсетті. Мұның өзі ел ертеңінің бұдан да табысты болатынына сендіре түседі. Әлемдік экономикада өз­герістер болып тұратыны қашаннан белгілі. Біз өзге елдермен экономикалық байланыста болғаннан соң оны сезінетініміз де шындық. Дегенмен, біз осындай дағдарыстар мен күрделі кезеңдерді еңсеріп келеміз. Біздің серіктестік ауыл шаруашылығы ыдырап, тарап жатқанда да ешқандай әбігершілікке бой алдырмай, тура бағытын анықтаған-ды. Бұған шаруашылықтың саланы қайта құрудың барлық өтке­лектерінен сәтті өтіп, нарық­тық қатынастарға тоғы тарқамай түсуі де ықпал еткені сөзсіз. Жалпы, серіктестік егін ал­қабында бидайдың қатты сорт­тарын өсіруге басымдық беріп келеді. Ол бидайдың жұмсақ сортына қарағанда нарықта жоғары сұранысқа ие. Осыншама астықты өңдеу қажет болғанда Чехияның «Прокоп» диірмен кешеніне таңдау түсті. Диірмен кешені тәулігіне 50 тонна ұн тартады. Астықты ұндай өткізу өз қайтарымын берді. Пайданың көзі өңделген өнімде екенін түсіндік. Шаруашылықта макарон цехын, Бадамшада тәуліктік қуаты 3 тонна наубайхананы іске қостық. Ақтөбе қаласында нан-бөлке шығаратын жоғары технологиялы «Атамекен» нан зауыты пайдалануға берілді. Оған италиялық қондырғы орна­тылған, бәрі автоматты жүйемен басқарылады. Жылына 17 мың тонна өнім өндіретін «Атамекеннің» нан-бөлке бұйымдарына сұраныс жоғары әрі өзгелерге қарағанда арзан. Өз кезегінде аудан орталығындағы наубайхана мен Ақтөбе қаласындағы нан зауыты нан бағасын тұрақтан­дыру­ға елеулі үлес қосуда. Қазақстан ынтымағы мен бірлігінің арқасында үлкен белестерді алып келеді, Дү­ние­жүзілік сауда ұйымына кіргеніміздің өзі экономикалық тұғырымызды бекіте түседі. Біздің шаруашылық Ресейдің көршілес өңірлерімен тығыз байланыста. Біз еңбеккерлерімізге еңбекақысын уақытында бе­ріп, әлеуметтік қолдауды жал­ғастырып келеміз. Бүгінгі қиыншылықтар да өтпелі деп ойлаймын. Біз осындай қиындықтар арқылы шынығып, ширығып өсуіміз керек. Атар таңға айтар ақ тілегім – алдымен тәуелсіз Қазақ­станымыздың абыройы арта түссін, «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» деп бабаларымыз айтқандай, еліміздегі ынтымақ пен бірліктің буыны беки берсін! Халқымыздың болашағы жарқын болсын! Алға қойған асқаралы мақ­саттарымызға қол жеткізейік, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы қадамдарымыз сәтті болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық, іс-қимылымыз шалымды, табысымыз толымды, бақ-берекеміз мол болғай! Аманғос ТӨЛЕУОВ, «Степное» ЖШС директоры. Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы.