13 Наурыз, 2015

Назарбаевтың сайлауалды штабын Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-03-15-kul_muhammed-1

АСТАНА. 13 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер – іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабына бес партия кірді, ал штабты Мемлекет басшысының бұрынғы кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарады. Бұл туралы Vласть хабарлады. «Штабқа алты партияның бесеуі (демократиялық күштердің жалпыұлттық каолициясына кіретін) ғана кірді, себебі, коммунистер өз кандидаттарын ұсынды. Қалғандары – патриоттар партиясы, «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік» және «Нұр Отанның» өзі. Кеше кешке жиналып, мынадай шешім қабылдадық, Құл-Мұхаммедтің штаб бастығы болуы жөнінде келісімге келдік», - деді патриоттар партиясының лидері Ғани Қасымов осыған байланысты. Еске сала кетейік, жұма, 13 наурыз күні Қазақстан патриоттар партиясының алдағы Президент сайлауына өзінің кандидатын ұсынбайтыны белгілі болды. Осындай шешім бүгін партияның XIII съезі барысында қабылданды. Осы күні «Ауыл» социал-демократиялық партиясы алдағы Президент сайлауында қазіргі іс басындағы Президенттің кандидатурасын қолдады. Бұдан бұрын, 4 наурыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті қызметінен босатқан болатын. Сәкен Майлыбай. Дерек, сурет: Vласть.