10 Наурыз, 2015

Оңтүстік Қазақстанда көп балалы аналарға құрмет көрсетілді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kuralay_kazygurtАСТАНА. 10 наурыз. Оңтүстік Қазақстан облысында 63 мыңнан астам көп балалы анаға құрмет көрсетілді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Өткен жылдың статистикалық деректері бойынша, облыста халық саны 2 млн. 780 мың адамды құраса, оның 1 млн. 400 мыңдайы әйелдер. Солардың ішінде мәдениет саласында еңбек ететіндердің жартысынан астамын, ұлағатты ұстаздардың 75, медицина мамандарының 87 пайызын нәзік жандылар құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында да кәсіптің көзін тапқан аруларымызда жетерлік. Сонымен қатар, өңірде 152 358 көп балалы әйел болса оның 30 046-сы «Алтын алқа», 38 824-і «Күміс алқа» иегерлері. Ал 1,2 дәрежелі 8 174 әйел «Ана даңқы» орденінің иегері атанса, 4 жасқа дейін және одан жоғары 18 жасқа дейінгі 75 314 көп балалы ана бар. Бақтияр Тайжан. Дерек: Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі. Сурет: news.nur.kz.