10 Наурыз, 2015

Семейде үйіне келген қонақты өлтірген адам сотталды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15236АСТАНА. 10 наурыз. Семейде үйіне келген қонақ әйелді өлтірген ер адамға үкім шықты. Ол енді өмірінің тоғыз жарым жылын түрмеде өткізетін болды. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады. Тарата айтар болсақ, қаза тапқан әйел көршісіне масаң күйінде келген. Айыпталушының айтуынша, ол оның мазасын алған. Үй иесі де ішімдік ішкен. Шақырусыз қонаққа риза болмаған ол оның үйден шығуын талап еткен. Алайда, әйел адам шыға қоймаған. Содан, ашуланған үй иесі оны ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірген. Қылмысын жасыру үшін бетіндегі қанды сүртіп, көгерген тұстарына крем жаққан. Содан кейін оның денесін көшеге шығарып, шарбақтың жанына қалдырып кеткен. Қылмысы дәлелденген ер адамды Шығыс Қазақстан облыстық соты қасқана кісі өлтіргені үшін 9 жарым жылға бас бостандығынан айырды. Жолдыбай Базар. Дерек: YK-news.kz. Сурет: minval.kz.