10 Наурыз, 2015

Қостанайда алаяқ бас бостандығынан айырылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
information_items_42448ҚОСТАНАЙ. 10 наурыз. Қостанай облысы Лисаков қалалық соты Шакалов деген азаматты «алаяқтық» бабымен жаза кесті. Жұртты сан соқтырған ол енді 8,5 жылын темір тордың ар жағында өтейтін болды. Бұл туралы alau.kz хабарлады. Алаяқтың ісі бойынша 6 адам жәбір көрген. Ол 20 млн.-нан астам теңге ақша жымқырған. 2013 жылдың наурызынан бастап, жеке кәсіпкер ешқандай жылжымайтын мүлікке құжатты келісім рәсімдемеген, оның есесіне өзінің қызметкерлері арқылы тұтас қылмыстық сызба бойынша жұмыс істеген. Жағдайы мықты сатып алушылардың сеніміне кіре отырып, олардан пәтер бағасының үштен бірін талап етіп отырған. Өзінің мүмкіндігінің жоғын біле тұра, оларға пәтерді сауда арқылы алып беретініне сендірген. 2013 жылдың 11 наурызынан 2014 жылдың 31 қаңтарына дейін алданғандар оған 20 870 000 теңге кепілге ақша берген. Алайда, айыпталушы сотта өзінің кінәсін мойындаған жоқ, барлығы да құқықтық-заңдық тұрғыда жүзеге асқанын айтты. Ол кінәсін мойындамағанымен, сот эаза тағайындады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: alau.kz.