09 Наурыз, 2015

Уәлихан Қайсаров президент сайлауына түсуге ниет білдірді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-03-15-kaisarov-

АСТАНА. 9 наурыз Президенттікке ниет білдіргендердің тізіміне Уәлихан Қайсаров тағы қосылды. Ол «Кенесары хан» қорының басшысы ретінде өтініш берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. Қайсаров 2011 жылғы Президент сайлауына да қатысқан болатын. Бірақ мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмаған. Оған лингвистика комиссиясы қазақ тілін жетік білмейді деген кінәрат таққан. Комиссия сол жолы ниет білдірушінің жазба жұмысынан 28 қате тапқан екен. Ал бірнеше күннен кейін Қайсаров Орталық сайлау комиссиясына тағы өтініш берді. Кейін Жоғарғы Сот өкілдері оның лингвистика комиссиясының үстінен берген шағымын қанағаттандырмай тастады. Қазіргі таңда Президент сайлауына түсуге ниет білдіргендердің тізімінде 11 адам тұр. Орталық сайлау комиссиясы оның төртеуін тіркеуге алудан бас тартты. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: Tengrinews.kz.