08 Наурыз, 2015

Немцовтың өлімі бойынша екі күдіктіге айып тағылды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08-03-15-sud-1

АСТАНА. 8 наурыз. Мәскеудің Басман аудандық соты саясаткер Борис Немцовтың өліміне күдікті Заур Дадаев пен Анзор Губашевке айып тақты. Бұл туралы ТАСС тілшісі бүгін сот залынан хабарлады. «Губашев Анзор мен Дадаев Заурге айып тағылды, олар жөніндегәі кепілдемелерге байланысты тыңдаудар енді жеке-жеке жүргізіледі», - деп мәлім етті соттың баспасөз хатшысы Анна Фадеева. Ол сондай-ақ істің басқа фигуранттары – «Эскерхановтың, Ш.Губашевтың және Бахаевтың соттың келесі отырысында тыңдалатынын атап өтті. ТАСС тілшісі хабарлағандай, сот үйі алдындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген, мұнда онға жуық полиция автобустары кезекшілікте тұр, ғимаратқа келетін жолдардың бәрі жабылған. Жексенбі күні ертеңгілік тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин тергеудің бес күдіктіні қамауға алу жөнінде кепілдеме беретінін айтты. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: ТАСС.