Ауа райы • Бүгін, 09:52

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысында бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеу қойылды. Шектеу, ең алдымен, жүк және қоғамдық көліктерге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Фото: Ашық дереккөз

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 17 наурыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153 шақырым аралығында (ЭКО Ойл ЖҚС – Ырғыз ауылы) көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін хабарлады.

Аталған жолды сол күні сағат 18:00-де ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ осы өңірде «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қостанай облысының шекарасы) да жабық.

Жалпы, еліміз бойынша дәл осы уақытта 2 облыстағы 5 республикалық автожол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылған.

Қостанай облысында келесі бағыттарда қозғалыс уақытша тоқтатылды:

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-320 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Бестөбе ауылы);
  • Аталған жолдың 320-501 шақырымы (Бестөбе ауылы – Рудный қаласы);
  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218 шақырымы (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы);
  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 555-682 шақырымы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 935 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Жолдағы ахуалға байланысты қосымша мәліметті 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады. 

Жаңбыр және тұман: 17 наурызда елімізде ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:52

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00