Экономика • Бүгін, 12:00

БАӘ импорттаушылары тізіміне тағы төрт отандық кәсіпорын енгізілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жүйелі шаралары нәтижесінде биыл тағы 4 кәсіпорын ресми түрде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) импорттаушыларының тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

БАӘ импорттаушылары тізіміне тағы төрт отандық кәсіпорын енгізілді

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қоршаған орта және климат өзгерісі министрлігі жанындағы БАӘ Тағам қауіпсіздігі агенттігінің басшысы Абдулла Джанаанның ресми сапары шеңберінде Комитет өкілдерімен жұмыс кездесуі өтіп, тараптар өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, экспорттық жеткізілімдерді арттыру мүмкіндіктерін және азық-түлік қауіпсіздігін бақылау саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету болашағын талқылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдан бері тізілімде бар және БАӘ-ге сиыр еті өнімдерінің негізгі жеткізушілерінің бірі саналатын KAZBEEF кәсіпорнына да барған делегация – кәсіпорында енгізілген қауіпсіздік, сапа және өнімнің қадағалануы стандарттарына жоғары баға беріп, ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуеті зор екенін атап өтті.

Жалпы, бүгінде мал өнімдерін өндіру және экспорттаумен айналысатын 14 отандық компания БАӘ импорттаушыларының тізіміне енгізілген.