Тағы 11 елді мекен жоғары деңгейдегі ауа ластануы категориясына кірді: Алматы, Атырау, Теміртау, Петропавл, Талғар, Павлодар, Қостанай, Абай, Түркістан қалалары, сондай-ақ Жанбай ауылы мен Қызылсай кенті. Ауа сапасының нашарлығы жоғары елді мекенге 19 қала мен 4 кент, ал төмен деңгейге 16 қала, 8 кент және 6 ауыл кірді.
«2021–2025 жылдар аралығында тұрақты түрде жоғары деңгейдегі ауа ластануы Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Петропавл және Астана қалаларында байқалды. Атырау мен Петропавлда негізгі ластаушы зат тек сутекті сульфид болса, Ақтөбеде азот диоксиді және сутекті сульфид, Теміртауда көміртек оксиді, азот диоксиді, сутекті сульфид және фенол. Алматы, Қарағанды және Астанада ауада әртүрлі ластаушы заттар - қалқымалы бөлшектер (тозаң, РМ2.5 және РМ10), көміртек оксиді, азот оксиді мен диоксиді, сутекті сульфид бар; Алматыда қосымша күкірт диоксиді мен фенол мөлшері де тіркелген», дейді аналитиктер.
EDGAR деректеріне сәйкес, 2024 жылы жаһандық парниктік газдар шығарындылары 53 млрд тоннаны CO2-эквивалентінде асып түсті — бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3% көп. Жаһандық шығарындылардың негізгі үлестері Қытайға (29%), АҚШ-қа (11%) және Үндістанға (8%) тиесілі.
Орталық Азияның бес елінің жиынтық үлесі жаһандық шығарындылардың тек 1,4%-ын құрады. Соның ішінде ең үлкен үлес Қазақстан мен Өзбекстанға тиесілі: 0,6% және 0,4%. Одан кейін Түрікменстан — 0,2%, Қырғызстан мен Тәжікстан — 0,04%-дан ғана.