Заң • Бүгін, 15:14

Қыз алып қашу қиындайды: 7 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа «Неке қиюға мәжбүрлеу» бабы енгізілген. Осы бапқа сай қыз алып қашу ауыр қылмыс ретінде сараланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қыз алып қашу қиындайды: 7 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

Фото: видеодан алынған скриншот

Соған сай «Неке қиюға мәжбүрлеу» бабы бойынша жауапкершілікке тартылғандар, кінәлілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ауыр жағдайларда жаза 10 жылға дейін ұлғаяды.

Ішкі істер министрлігі жаңа түзетулерге сай жәбірленушіні өз еркімен жіберген жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норма алынып тасталғанын да ескертіп отыр. 

Жаңа өзгерістер күшіне енген сәттен бастап Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында  15 адам қыз алып қашпақ болған. Оның ішінде 7 фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалған. 

Министрлік әр іс негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыстардың мән-жайы анықталатынын мәлімдеді.