Фото: Әлеуметтік желіден
Ол тіршілігінде тарихты қаузап, ұлттық жадыны жаңғыртатын жобаларды әзірлеген.
Өзі қызмет еткен арнаның контент қоржынына үш бөлімнен тұратын біртұтас деректі фильм салған. «Қарсыласу қозғалысы», «Петсамо-Киркенес операциясы», «Жат жұртта қалған жауынгер» сынды циклды деректі фильмдерінде екінші Дүниежүзілік соғыстың әлі күнге құпия құжаттарын, айтылмаған ақиқаттарын зерттеген.
Азат Рыстанбек қазақ телевизиясының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Халық алғысы» төсбелгісі және Президенттің Алғыс хатымен марапатталған, «Ақпарат саласының үздігі» атағына ие болған.
Айта кетейік, журналист «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы мен «31-арнада» да өнімді еңбек еткен.