 
                                        Фото: видеодан алынған скрин/ТЖМ
Онда 1999 жылы туған қыз 14–ші қабаттың парапетінде тұрып, төменге секіруді жоспарлаған.
ТЖМ мамандары бойжеткенді шешімінен бас тартуға үгіттеп, ыңғайлы тұста қауіпсіз жерге шығарған. Бұл сәтте өзге құтқарушылар өрт сатысы арқылы жоғары көтеріліп, кез келген жағдайға даяр тұрған.
Қайғылы оқиғаның алдын алуға үлес қосқан ТЖД жедел-құтқару жасағының маманы Саят Пишембаев ісін қаһармандыққа жатқызбайтынын атап өтті.
Департамент астаналықтың мұндай қадамға неліктен бармақ болғаны алдағы уақытта анықталатынын мәлімдеді.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                