 
                                        Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Отандасымыз финалда өзбек балуаны Шохиста Тураевамен белдесіп, қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды.
Осылайша, дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасының өкілі, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Айша Алтай Азия додасында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Жасөспірімдер Азиадасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатыр.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                