Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:22

Ауадан су өндіреді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ армиясы ауадан таза су өндіретін инновациялық технология жасап шығарды. Жоба бойын­ша үшжылдық зерттеу және тәжірибелік келісім «AirJoule Technologies» компаниясымен жасалған.

Ауадан су өндіреді

Жүйенің жұмыс қағидасы қарапайым әрі тиімді. Технология тактикалық генераторлардан бөлінетін жылуды пайдаланып, ауадағы ылғалды жинайды және оны таза ауызсуға айналдырады. Бастаманың басты мақсаты — әскерилердің далалық жағдайда автономды әрекет ету мүмкіндігін арттыру, яғни оларды су көздеріне тәуелділіктен босату. Бұл жаңалық, әсіресе шөлейт және күрделі климаттық аймақтарда әскери операциялар жүргізу кезінде үлкен маңызға ие болмақ.