Аймақтар • Бүгін, 15:48

Атырау облысында газ құю стансалары тексеріліп жатыр

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында газ құю стансаларын тексеруден соң 8 әкімшілік іс қозғалды. Заң бұзған станса иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында газ құю стансалары тексеріліп жатыр

Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметіне қарағанда, мұндай тексеру жүргізуге 30 мамырда Құлсары қаласында газ құю стансындағы жарылыс себеп болған. Жарылыстан 14 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапқан еді. Үш ғимарат, газ құю стансасы бүлінді.

«Атырау облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің мамандары автогаз құю стансалары орналасқан жер телімдерін пайдалану заңдылығына жоспардан тыс тексерулерді бастады. Тексеру кезінде жер телімдерін мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Жер кодексінің 65-бабына сәйкес, жер телімдері нысаналы мақсатына және шарт талаптарына сай пайдаланылуы тиіс. Тексеру нәтижесінде 8 әкімшілік іс қозғалды. Заң бұзушылыққа жол берген газ құю стансаларының иелеріне айыппұл салынды. Анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы міндетті нұсқамалар берілді», деп хабарлады аталған комитеттен.