
Фото: Ашық дереккөз
Агенттіктің ақпаратына сәйкес, қазақстандық әуе тасымалдаушылары авиакеросинді өндірушілерден мемлекеттік жеткізу кестесіне сай тікелей алады. Ал шетелдік әуе компаниялары керісінше, делдалдар арқылы көтерме не бөлшек саудада сатып алуға мәжбүр.
Осы тізбек салдарынан халықаралық жүк және жолаушылар рейстеріне отын құны 60 пайызға дейін өседі. Қазақстандағы әуежайларда авиакеросин бағасы көршілес мемлекеттерге қарағанда 5330 пайызға қымбат. Бұл жағдай соңғы бес жыл ішінде жүк әуе тасымалының 36 пайызға, халықаралық рейстердің 58 пайызға азаюына ықпал еткен.
Айта кетейік, әуежайлар авиакеросин сатумен 2017 жылдан бері айналысып келеді. Қазіргі таңда олардың кірісінің шамамен 80 пайызы осы отын саудасынан түседі.