Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Кемедегі өмір

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцариялық ерлі-зайыпты Шверер­ ширек ғасыр мұхитта өмір сүріп келеді. Олар осы уақыт ішінде алты бала сүйген. Кеменің аумағы небәрі 20 шаршы метр болғанымен, олар үшін осы өмір салты қолайлы болған.

Кемедегі өмір

Кемеде барлық жағдай жасалған. Қызы­ғы, балалар құрлыққа шыққан кезде ғана мек­тепке барады, ал теңізде жүргенде қашықтан білім алады. Мұн­дай оқуға Швейцария заңдары рұқсат береді. Әрине, қиындықтар да кездес­кен. Кемелері бірнеше рет істен шығып, қарақшылардың шабуылына тап бол­ған. Соған қарамастан, олар саяхатта­рын жалғастырып келеді.