
Іс-шараға мемлекеттік орган қызметкелері, Парламет Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және сарапшы маман ғалымдармен қатар студенттер қатысты.
Пікір сайыстың көрігін қыздырған Парламенті Мәжілісінің депутаты Ажар Сағындықова: «Еліміздің экологиялық ахуалына қатысты шешімін табуға тиіс мәселе – қоқыс қалдықтары. Елімізде бір жылда 5 миллион тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар тасталады, оның тек 20%-ға жуығы ғана қайта өңделеді. Бұл – экологиялық қана емес, сонымен қатар экономикалық мәселе. «Таза Қазақстан» акциясы қоғамда өзгеруге дайындық пен жігер бар екенін көрсетті. Экологиялық мәдениет тұжырымдамасын іске асыру – экологияны тек саясаттың бір бөлігі емес, адамдардың санасының бір бөлігіне айналдыруға берілген мүмкіндік. Әрбір таза аула, қайта өңделген бір килограмм қоқыс, әрбір саналы әрекет – бұл еліміздің тұрақты болашағына қосылған үлес», – десе, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті директоры міндетін атқарушы Наталья Даулетьярова болса, аталмыш министрлік 2024–2029 жылдарға арналған экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын әзірлеп бекіткнні туралы айтып, «Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда табиғи ресурстарды үнемді пайдалану оны жүзеге асыру, өз мінез-құлқын өзгертуге дайын болуымыз керек. Екінші тараптан халық пен бизнестің экологиялық сауаттылығы мен жауапкершілігі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиісті тақырыптық шешімдерді қабылдауы маңызды құрамдас бөліктер болып табылады», деп өз пікірімен бөлісті
Сондай-ақ, пікірсайысқа спикер ретінде «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқармасы төрағасының орынбасары Сауле Қозыке, Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның сарапшысы Айжан Скакова, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы Экология және табиғатты пайдалану кафедрасының доценті Владимир Дехнич қатысты.
Жиын қорытындысы бойынша еліміздің мемлекеттік органдарына экология және қоршаған орта саласындағы бірлескен шараларға қатысты ұсыныстар әзірленеді.