05 Мамыр, 2015

Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен сәби құлап кетті (видео)

1490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
5-5-2015-aktau 01АСТАНА. 5 мамыр. Ақтауда жүріп бара жатқан көліктің артқы есігінен сәби құлап кетті. Бұл туралы lada.kz хабарлады. Аталған келеңсіздік туралы бейнежазба YouTube-те жарияланды. Бұл оқиға артта келе жатқан автокөліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Бейнежазбада «Ақтау» сауда-ойын сауық кешені маңындағы көше қиылысында келе жатқан көліктен кішкентай баланың құлап түскені анық көрінеді. Көлік кілт тоқтап, ішінен ер адам мен әйел жүгіріп шығады. Олар жолда жатқан баланы көтеріп алып, жөндеріне кеткен. Қазіргі таңда сәбидің денсаулығы жөнінде нақты деректер жоқ. Естеріңізде болса, елімізде 2015 жылы жаңартылған Жол жүру ережесі күшіне енген болатын. Заңдағы өзгерістерге сәйкес, жүргізушілер 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы құралдар – қауіпсіздік белдігі немесе автоорындықтармен ғана тасымалдауға міндетті. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: lada.kz.