05 Мамыр, 2015

Петропавлда «Каhарман.kz» сайты ашылды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05.05.2015 SKO-3ПЕТРОПАВЛ. 5 мамыр. “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының ғимаратында “Қаһарман. kz” сайтының ашылу рәсімі  өтті.  «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы  шеңберінде қолға  аланған шара мыңдаған шаңырақтың отын өшірген соғыстың жеңіспен аяқталуына қазақстандықтардың  да қосқан үлесін көрсетуді, Отан үшін от кешіп, жандарын пида еткен боздақтар мен ардагерлердің өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа үлгі етуді діттейді. Бұл туралы облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті хабарлады. “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов  өз сөзінде аталмыш сайт Қорғаныс министрлігімен бірлесіп,  жүзеге асырылғанын,  өңіріміздегі Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденінің толық иегерлері есепке алынып, деректер банкі жасалғанын  жеткізді.  Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Амангелді Дүйсекин аталмыш сайттың бейбітшілік бесігінде тербеліп өсіп келе жатқан жас буынды отаншылдық рухта тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды. Сайтта соғыс тақырыбына қалам тербеген ақын-жазушылардың шығармалары, отты жылдардың өшпес тарихы үзбей жарияланатын болады. Әлемді дүр сілкіндіріп, адамзаттың жүрегіне жазылмас жара салған екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты фото-бейне деректер, бейнеэнциклопедиялар, әндер  топтастырылған. Оқырмандар онлайн қабылдау жүйесіне кіріп, электронды түрде  өтініш бере алады. Өмір Есқали. Дерекк: облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті. Сурет: kaxarman.kz