05 Мамыр, 2015

Қызылордалық Мөлдір Жаңбырбай әлем чемпионы атанды

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05 05 - Moldir 1 ҚЫЗЫЛОРДА. 5 мамыр. Грузияның Тбилиси қаласында каратэ-до шотоканнан өткен әлем чемпионатында қызылордалық Мөлдір Жаңбырбай жеңіске жетті. Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әлемнің 25 елінен 1260 спортшы қатысқан бұл дүбірлі додада Мөлдір 16-17 жас аралығында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, әлем чемпионы атанды. Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, финалда Грузия елінің спортшысын 7:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, командалық кумитэде жерлесіміз бірінші орынды иеленді. Команда құрамында Мөлдірден басқа маңғыстаулықтар Динара Төрткүлбаева, Рыскүл Жиенбаева және жамбылдық Әйгерім Тұрсынбековалар бақ сынады. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде Рүстем Әбжәмиевтен тәлім алатын Мөлдір биылғы жылдың 20-22 мамыр аралығында Қарағанды қаласында өтетін ҚР IV Спартакиадасына қатысады. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz.

05 05 - Moldir 2